Құпиялылық
Тіркелу міндетті емес. Тіркелмесең, прогресің тек осы құрылғыдағы браузерде сақталады.
Тіркелсең не сақталады
- Аты, сыныбы, облысы/қаласы, мектебі және Codeforces handle (егер жазсаң).
- Оқу әрекеттері: қай тақырыпты ашқаның, видео қосқаның, есепке өткенің, белгілерің мен бағаларың, «Қиын болды» пікірлері.
Не үшін
Тек мұғалім оқушылардың қай жерде қиналатынын көріп, сабақты жақсарту үшін. Деректер үшінші тарапқа берілмейді және сатылмайды.
Деректерді өшіру
Деректеріңді өшіргің келсе, мұғаліміңе немесе it-bilim.kz арқылы хабарлас.